Аймақтар • 09 Шілде, 2018

Павлодар облысында 5 айда  621 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елімізде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы қайта құрудан өтті. Бұл жаңашылдық халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы  Халыққа қызмет көрсету саласындағы 4 мекеме біріктіріліп, бір ғимаратқа орналасты.

Павлодар облысында 5 айда  621 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ал, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының  облыс бойынша филиалының мәліметінше, өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында 30-дан астам  жобалар жүзеге асырылуда.  Бұрын тұрғындар бір анықтамалық құжат  үшін  2-3 күн жүрсе, қазір қызмет небары 2 минутта көрсетіледі. Енді павлодарлықтар автокөліктерін онлайн режимінде тіркеу мүмкіндігіне ие болады. Қажетті қызметті үйде отырып жасай алады. Қазір электронды үкімет қызметін пайдаланушылардың қатары артуда.

Бүгінде өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы (ХҚКО) 621 мемлекеттік қызметтің 44-і электронды түрде көрсетіледі. Барлығында «ConnectionPoint» атты өзіне-өзі қызмет көрсету орындары да жабдықталған. Талон  түбіртегін алып, кезекте тұрмай, өздері-ақ электронды сандық қолтаңба арқылы басқа да 700 қызметті тұтына алады.  

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»     

ПАВЛОДАР